БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА
(Бибатпа Көшімова әріптесім туралы)
Abstract
Есенов университетінің қазақ филологиясы кафедрасы университеттегі маңдайалды, ғылыми әлеуеті жоғары кафедралардың бірі. Оның әр мүшесі туралы ауыз толтырып айтар әңгіме көп. Кафедра құрамының 80 пайызы – нәзік жандылар. Отбасы шағын мемлекет болса, сол мемлекеттің шаруасын үйіріп әкететін – әйел. Әйел – ана, әйел – жар. Бір сөзбен айтқанда, әйел – отбасының ұйытқысы. Ер азамат үйдің егесі болса, әйел үйдің шегесі. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Қарап отырсақ, қазір арамызда тек үйде бала-шағасына қарап, үй тірлігімен ғана айналысатын әйелдер аз. Керісінше, қыз-келіншектер үйдің де, түздің де жұмысын істеп, бәріне үлгеріп жүр. Тіпті ағайын-туысқа да қызмет етіп, өзіне қарауға да уақыт бөледі. Қысқасы, қазіргі әйел бейнесінің қыры көп.




















