«YESSENOV TECHNOPARK» КЕШЕНІ - ІТ-МАМАНДАР ҮШІН АЙРЫҚША АЛАҢ
Abstract
Бүгінгі таңда Қазақстанда тиімді инновациялық процесс үшін жағдай жасауда экономиканы қарқынды дамыту мен өндірісті іске қосуға қарағанда маңызды мақсат жоқ. Міне, осы жерде біз тікелей ғылыми салаға жүгінеміз. Ғылым саласында пайда болатын идеялар өндіріс саласына тез жетіп, тауарға айналуға тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, таңдаулы техника мен технология саласында көшбасшы болғысы келетін елдер осы салада өз жерінде «білімді өндіре» бастайды. Өйткені, қысқа инновациялық цикл (идеяның пайда болуынан бастап, білімнің өнімде идеяның іске асуына дейінгі уақыт) болуы қажет, ал инновациялық циклді тек ғалымдар мен технологтардың бірлескен жұмысы есебінен ғана жеделдетуге болады. Осыған байланысты технопарктердің ғылым мен өндірісті интеграциялаудың ең сәтті нысандарының бірі ретіндегі тәжірибесі өте қызықты.




















