ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА - БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ШЕБЕРЛІГІ
Keywords:
практика, студент, есеп, жетекші, мұғалім, оқушы, тәрбие, сабақ, жоспарAbstract
Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма – педагогикалық практика болып табылады. В.Афанасьев: «Теория мен практиканың айырмашылығы – тәжірибеде. Теория деген не? Өткен ұрпақтардың жинаған іс-тәжірибесі. Практика деген не? Өзіміз жинақтайтын іс-тәжірибе. Теорияны да, тәжірибені де ескерген жөн. Теориямен нығайтылмаған тәжірибе ешқашанда тиімді болмайды, қандай тақырыпта сөз қозғалса да» - деп орынды айтқан екен. Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Downloads
References
Е.Әбілдаев. Педагогикалық практиканың ролі. Қазақстан мектебі, №11-12, 2005ж.
Ж.Әбдиев, С.Бабаев, А.Құдияров. Педагогика. Алматы, 2012ж.
Типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіптік білім. Алматы, 2005ж.
С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2018ж.
С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 2021ж




















