ҒТАМР 16.01.07 ТӨР ТІЛДІҢ ТҮП-ТӨРКІНІН ТІРІЛТКЕН ҒАЛЫМ
Keywords:
Рәбиға Сыздық, көне сөздер, этимология, «Сөздер сөйлейді», тарихи-этнографиялық, батырлар жыры, жыраулар поэзиясы.Abstract
Академик Р.Сыздықтың қазақ тіл білімін қалыптастырып, дамытудағы ұшан-теңіз еңбегінің бір саласы – көне сөздердің этимологиясын зерттеумен байланысты. Алдымен, көне сөздерге не жатады, аты айтып тұрғандай, көнеріп, «қолдануға жарамсыз болып, қатардан шыққан» сөздерді зерттеу қазақ әдеби тілінің болашағына не береді? . Р.Сыздық еңбектерін зерттеу барысында біз осы сұрақтардың жауабын талқылайтын боламыз. Р.Сыздық еңбектерінде «көне сөздер» қазақ әдеби тілінің жеке құрылымдық бөлігі ретінде арнайы статусқа ие болады, көне сөздердің этимологиясын зерттеу тек лингвистикалық қана емес, тарихи-этнографиялық, тіпті этногенездік (тілдердің төркіндестігі, туыстығы туралы) те ақпарат береді.
Бұл мақаланың мақсаты – ғалымның «Сөздер сөйлейді», «Сөз құдіреті», «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» еңбектеріндегі тарихи-этимологиялық, тарихи-лексикологиялық зерттеулерге талдау жасап, қазақ әдеби тілінің қалыптасуында көне сөздердің орнын анықтау, қазіргі көркем әдеби тілде дұрыс қолданылуына баға беру. Мақалада Р.Сыздық зерттеулері негізінде батырлар жыры мен ғашықтық жырларда, XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың поэтикалық мәтіндерінде, мақал-мәтелдерде, тұрақты сөз тіркестері құрамында кездесетін, қазіргі тілдік ортаға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін зерттеудің теориялық-практикалық мәселелері қарастырылды. Көне сөздерді зерттеу Р.Сыздықтың «ауызша тараған қазақ әдеби тілі» концепциясын ғылыми дәйектеуге үлес қосады.
Downloads
References
1. Нұрдәулетова Б.И. Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалды бейнесі. Астана: Нұра-Астана, 2008. – 432 б.
2. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Арыс, 2004. – 232 б.
3. Сыздық Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар . Алматы: Арыс, 2009. – 272 б.
4. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы: Атамұра, 2005.



















