Ғылым мен білім сабақтастығы: тарихшы-ғалымның зерттеу тәжірибесі
Keywords:
жоғары білім беру, тарих ғылымы, Маңғыстау тарихы, ғылыми-зерттеу қызметі, этнодемография.Abstract
Мақалада Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Тарих және дәстүрлі өнер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Табылдиева Орынгүл Дүйсенбайқызының ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі қарастырылады. Ғалымның Маңғыстау өңірінің этнодемографиялық тарихын зерттеу бағытындағы ғылыми ізденістері, жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызметі және ғылыми еңбектері сараланады. Сонымен қатар республикалық және халықаралық деңгейде жарық көрген ғылыми мақалалары, оқу құралдары мен монографиялық еңбектерінің отандық ғылым мен білім беру саласының дамуына қосқан үлесі талданады. Автордың ғылыми-педагогикалық қызметі аймақтық тарихты зерттеу, болашақ тарих мамандарын даярлау және жоғары білім беру сапасын арттыру бағытындағы маңызды тәжірибенің бірі ретінде бағаланады.



















