Ұстаз еңбегі – студент мүмкіндігі: «Тарих» БББ бойынша сыртқы академиялық ұтқырлықтың дамуы
Keywords:
академиялық ұтқырлық, халықаралық білім беру, тарих білім беру бағдарламасы, Маңғыстау тарихы, халықаралық ынтымақтастық, студенттердің кәсіби дамуы.Abstract
Мақалада Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің 6В01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып отырған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасының даму үдерісі қарастырылады. Зерттеудің негізгі нысаны ретінде «Тарих және дәстүрлі өнер» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдары бойынша магистр Сидешова Роза Азименқызының академиялық ұтқырлық жүйесін қалыптастырудағы ұйымдастырушылық, ғылыми және үйлестірушілік қызметі талданады. Автор аталған оқытушының Түркия Республикасындағы Niğde Ömer Halisdemir University университетімен халықаралық байланыстарды нығайтудағы, студенттердің шетелдік білім беру кеңістігіне кірігуін қамтамасыз етудегі және академиялық ұтқырлық бағдарламасының тұрақты жүйеге айналуындағы еңбегіне ғылыми тұрғыда баға береді. Сонымен қатар Сидешова Роза Азименқызының Маңғыстау тарихын зерттеу бағытындағы ғылыми еңбектері, тарихи-мәдени жобалары, қоғамдық қызметі, мемлекеттік және ведомстволық марапаттары, сондай-ақ студенттердің кәсіби қалыптасуына қосқан үлесі сараланады. Зерттеу нәтижесінде 6В01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасының халықаралық академиялық кеңістікке жүйелі түрде кірігуінде Сидешова Роза Азименқызының қызметі шешуші факторлардың бірі болғаны анықталды.



















